Іле ауданында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының заңды күшіне енуіне арналған кеңейтілген жиын өтті. Басқосуда Ата Заңның тарихи маңызы, қоғамдағы орны және ел дамуының жаңа кезеңіндегі рөлі кеңінен талқыланды.Жиынға Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов төрағалық етті. Іс-шараға аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, кәсіпкерлер, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени бірлестіктер, Аналар кеңесінің мүшелері, ауылдық округ әкімдері мен жастар қатысты.Өз сөзінде аудан әкімі жаңа Конституцияны...
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде жоғары оқу орындары мен ғылым саласында жаңа Конституцияның құндылықтары мен нормаларын іске асыру жұмысы жүргізіліп жатыр.24 наурыз бен 31 наурыз аралығында еліміздің барлық жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарында конституциялық реформаның негізгі ережелерін талқылауға бағытталған іс-шаралар кешені ұйымдастырылды. Республиканың әр өңірінде студенттер, оқытушылар және ғылыми қызметкерлер қатысқан кездесулер, сараптамалық пікірталастар, дөңгелек үстелдер және басқа да диалог алаңдары өткізілді. Барлығы шамамен 250 іс-шара ұйымдастырылып,...
Жаңа Конституция жобасында білім, ғылым және инновацияларға айрықша мән берілді. Преамбулада бұл салалар ел дамуының басты құндылықтары ретінде айқындалды.Осылайша ғылым мен білім мемлекеттің стратегиялық басымдықтары қатарына енгізіліп, жаңа даму деңгейіне көтерілмек.Құжатта 23-бабтың 1-тармағында ғылыми және техникалық шығармашылық еркіндікке кепілдік беріліп, оларды қорғаудың құқықтық негізі қаланады.Бұл норма білім беру мен ғылыми дамудың берік іргетасын қалыптастырып, адами капиталды нығайтуға бағытталған.
Жаңа Конституция жобасына сәйкес, жер, су, жер қойнауы және өзге де табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Мемлекет бұл байлықтарға халық атынан меншік құқығын жүзеге асырады. Сонымен қатар жерге жекеменшік құқығы сақталады.8-баптың 3-тармағында бекітілген бұл норма ауыл халқы үшін ерекше маңызға ие. Ол жер мен табиғи ресурстардың ел игілігіне қызмет етуін қамтамасыз етіп, ауылдағы тіршілік пен шаруашылықтың тұрақты дамуына құқықтық негіз қалайды.